«Ер – елінің қорғаны»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бөдене ауылдық кітапханасында «Ер – елінің қорғаны» атты ерлік сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы қатысушыларға батырлықтың мәні мен Отанды қорғаудың маңызы туралы тағылымды әңгіме өрбітті. Қазақ халқының батырлары туралы қызықты деректер айтылып, ерлік пен патриотизм ұғымдарының маңызы түсіндірілді. Іс-шара барысында заманауи әдебиеттерден құралған «Ерлік – елге мұра» атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеде ел қорғаған ерлердің өмірі мен ерлігін арқау еткен жаңа басылымдар мен патриоттық тақырыптағы кітаптар қойылды. Қатысушылар көрмемен танысып, өздеріне мол рухани әсер алды.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/990345?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version