Бүгін Атырау қаласында Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың тұрған үйіне орнатылған мемориалдық тақтанының ашылу салтанаты өтті.
Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл тағылымды шара — туған жерінен шыққан қаһарман батырдың ерлігін ұлықтап, жас ұрпаққа өнеге ету мақсатында ұйымдастырылды.
Даңқты жауынгер 1919 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қайыршақты ауылында дүниеге келіп, 1941 жылдан бастап Солтүстік Кавказ майданында 18-армия, 318-атқыштар дивизиясы құрамында жауға қарсы ерлікпен шайқасқан. Батыр есімі мәңгілік ел жадында.
Салтанатты шараға батырдың майдандас досы Жұма Медетовтің ұлы – Ішкі істер министрлігінің отставкадағы полковнигі Серік Жұмаұлы Медетов арнайы шақырылған
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/990123?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау