Атырауда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өтті
Бүгін Сұлтан Бейбарыс алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған “Еркін елдің ұраны” атты мерекелік шара өтті.
Бағдарлама Марат Бердіғұловтың “Шахристан” күйіне қойылған “Шалқыма” биімен ашылып, халықтық “Жұлдыз” би ансамблі (ерекше өнер көрсетті.
Шара барысында ел тәуелсіздігі мен тыныштығы үшін аянбай тер төккен батыр бабаларымыздың ерлігі, бүгінгі күннің қорғаны – Қарулы күштердің мәртебесі мен маңызы айтылды.
Кеште Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония мен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы өнерпаздары сахна төріне шығып, көрерменге патриоттық рух сыйлады.
Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Нұғмаров Қ.Зұлқашевтің “Ұландар маршын” орындап, көрерменді ерекше әсерге бөледі.
Елдің тыныштығын, жеріміздің тұтастығын күзетіп жүрген барша қорғаныс саласы қызметкерлері мен ардагерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/991295?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау