Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Ұлы Отан соғысының ардагерін келе жатқан мерекемен құттықтады.
Кездесудің кейіпкері 102 жастағы ардагер, ауыр шайқастардың қатысушысы және тарихтың тірі куәгері.
Майдангердің ерлігіне зор құрмет белгісі ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оған естелік сыйлықтар табыстап, Жеңіске адалдығы мен қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Мерекелік іс-шараны Ұлттық ұлан оркестрі қолдап, ел тарихының ерлік парақтарын еске түсіретін патриоттық шығармалар мен әскери марштарды орындады.
Ерлік, борыш және ар-намыс – ардагердің соғыс жылдарындағы ауыр сынақтардан өткен құндылықтары. Ол бүгінде мызғымас рух пен Отанға адалдықтың тірі символы болып қала береді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetysu/press/news/details/990348?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау