Euronews Astana Бюросының басшысымен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың Euronews Astana бюросының басшысы Боян Бркичпен кездесуі өтті.

    Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту, коммуникациялар құру, Euronews Astana Бюросы арқылы Министрліктің қызметін ашу мәселелерін талқылады.

     Кездесуде М. Ошурбаев 2026 жылғы өңірлік Климаттық саммитке дайындық бойынша жүргізіліп жатқан үлкен жұмыс туралы, декарбонизация жөніндегі іс-шаралар туралы, ең үздік қолжетімді техникаларға көшу туралы, 2021 жылы қабылданған Экологиялық кодекстің жаңалықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

      Естеріңізге сала кетейік, Euronews Astana бюросы 2024 жылы ашылған болатын, қазіргі уақытта Euronews командасымен бірлесіп қазақ халқының мәдени мұрасы, сондай-ақ елдің инвестициялық жобалары туралы бағдарламалар мен сұхбаттар жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/990802?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version