Ағымдағы жылдың 06 мамырда «Qosyl» платформасы арқылы онлайн режиімінде «Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының БЭК, фронт-офис (жалпы 21 қызметкер) қызметкерлерінің қатысуымен «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру келісімін ратификациялау туралы» тақырыбында техникалық сабақ өтті.
Техникалық сабақ барысында №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г. Абдулданова Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру келісімін Қазақстан Республикасында қолдану талаптары түсіндірілді.
Г. Абдулданова келісім аясында туындаған мәселелер бойынша түсініктеме және Мемлекеттік корпорация мамандары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жағдай туғызатын мән-жайларды болдырмау қажет екені ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/990612?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау