2025 жылдың 06 мамырында мәслихат төрағасы А.Рамазановтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі С.Нсанбаев , аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары мен кент және округ әкімдері қатысты.
Ұсынылған мәселелер алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында тыңдалды.
Сессияның күн тәртібінде Индер аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №129-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Қонасованың
хабарламасы және тағы да басқа мәселелер қаралып, тыңдалды.
Мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылап, хабарламашыларға сұрақтарын қойып, сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/990834?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау