Іс-әрекеттегі қоғамдық бақылау: теміржолдағы мониторинг нәтижелері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл пгенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда.

А.ж. 5 мамырында көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мақсатында облыстық көліктік бақылау Инспекциясының өкілдері мен еріктілер «Орал-Ақтау» бағыты бойынша жүретін №614X жолаушылар пойызына мониторинг жүргізді.

Мониторингтің мақсаты жолаушылар тасымалының сапасы мен ашықтығын арттыру болды. Іс-шара шеңберінде келесі міндеттер қойылды: азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту, көлік қызметтері саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, санитарлық және техникалық нормалардың сақталуын бақылау, билетсіз жол жүру фактілерін және жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына әсер ететін басқа да бұзушылықтарды анықтау.

Мониторинг қауіпсіздік пен жайлылықтың негізгі параметрлерін қамтыды: вагондардың техникалық жағдайы, негізгі жүйелердің жұмысы (жылыту, жарықтандыру, желдету), санитарлық жағдайлар және жолаушылар үшін ақпараттың қолжетімділігі.

Мониторинг қорытындысы бойынша пойыздың белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталды: негізгі жүйелер дұрыс жұмыс істейді, тасымалдау шарттары қанағаттанарлық деп танылды.

Сонымен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аралық станциялардағы вагондардың санитарлық жағдайын бақылауды күшейту, жазғы кезең қарсаңында кондиционерлеу жүйелеріне кезектен тыс тексеру жүргізу, ақпараттық стендтер мен материалдарды жаңарту бойынша ұсыныстар берілді.

#Заң_мен_Тәртіп  

#ЗАҢменТӘРТІП 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/991267?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version