Jibek Joly туристік пойызы төртінші сапарын аяқтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✅30 сәуір мен 7 мамыр аралығында Алматы – Түркістан – Бұқара – Самарқанд – Ташкент – Алматы бағытында Jibek Joly 4.0 халықаралық туристік туры ұйымдастырылды. Jibek Joly туристік пойызы Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан мен Өзбекстан қалаларын қамтиды. Бұл жолы сапардың бағдары кеңейтіліп, қалалар тізіміне Бұқара қаласы қосылды.

🚉 Jibek Joly туристік пойызының төртінші турына 132 саяхатшы қатысты, оның ішінде 15 бала бар. Жолаушылар қатарында Түркия мен Германиядан келген қонақтар да болды.

🔹Сегіз күндік саяхатта туристер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Отырар қалашығын, Бұқарадағы Арк бекінісі мен Ляби-Хауыз алаңын, Самарқандтағы Әмір Темір кесенесі мен Регистан алаңын, Ташкенттегі Төле би кесенесі мен Хазрет Имам мемориалдық кешенін, сондай-ақ Тараздағы Айша бибі мен Қарахан кесенелерін тамашалады.

✅Туристік пойыз құрамы отандық өндірістегі заманауи жайлы вагондарынан құралған. Интерьері ұлттық стильде, дәстүрлі ою-өрнек элементтерімен безендірілген. Jibek Joly туристік пойызы 5 вагоннан тұрады (4 купе және 1 вагон-мейрамхана).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism/press/news/details/991185?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version