КЕЛЕС: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУҒА ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАЛУ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰 КЕЛЕС: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУҒА ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАЛУ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

🔹 Департаменттің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысына қарасты Келес ауданында «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күні аясында Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар өткізілді.

🔹 Атап айтқанда: үстіміздегі жылдың сәуір айында Келес ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне арналған семинар өткізілді.

🔹 Іс-шараға Келес ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері, Келес Ауданы Мансап Орталығының мамандары, пробация қызметінің басшысы, жұмыс берушілер, жұмысшылар және тиісті сала мамандары қатысты.

🔹 Сонымен қатар, аталмыш семинарда жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттардың алдын алу, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрландыру арқылы қауіпсіздікті арттыру мәселелері талқыланды.

🔹 Атқарылған іс-шаралар еңбек қауіпсіздігін арттыруға және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеруге бағытталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/990768?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version