Мәселе. Перспектива. Тәжірибе.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2 мамыр күні Тасмола жалпы орта білім беретін мектебі базасында аудандық дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты– педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жеке даму траекториясын қалыптастыруға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.
Семинарға аудан мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысып, келесі тақырыптарда тың ақпараттар мен тәжірибе алмасты:
Баяндамашылар:
– Шакиров Талғат Елеуович– Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің әдіскері
– Кужиева Аида Руслановна – аудандық әдіскер
– Амангереев Марат Жақсығалиевич – Ащысай МББК мұғалімі
– Файзуллин Бекболат Елеубайұлы– Тасмола ЖОББМ мұғалімі
Тақырыптар:
– «Дене шынықтыру сабағындағы бағалау»
– «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру»
– «Эстафеталық ойындар» тәжірибелік бөлім
– «Ұлттық спортты дамыту – ел болашағына үлес» мазмұнды баяндама
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, өзара тәжірибе бөлісіп, білімін жетілдіруге бағытталған жаңа идеялармен толықты.
Барлық қатысушылар мен спикерлерге алғыс білдіреміз! Осындай шаралар мұғалімдердің кәсіби дамуына тың серпін беретіні сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/989804?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version