Марқакөл ауданының тұрғындары 99 жастағы ҰОС ардагерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Боран ауылының тұрғындары мен Марқакөл ауданының әкімі Рүстембек Кемешов қазір Глубокое ауданында тұрып жатқан марқакөлдік  99 жастағы ҰОС ардагері Павел Еремеевич Стрехоны арнайы барып құттықтады.

Павел Еремеевич Стрехо – Боран ауылдық округінің тумасы, бірақ 1998 жылы Глубокое ауданының Веселовка ауылына қоныс аударған.

Майданға 1943 жылы 17 жасында аттанған. Соғыс жылдарында қаһармандықпен соғысып, батырлығы үшін III дәрежелі Даңқ орденімен, I дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, Жуков медалімен, мерейтойлық медальдармен марапатталды. Соығастан кейін туған еліне аман оралды.

Кездесу барысында әкім ардагерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыстап, жанкешті ерлігі мен адал еңбегі үшін алғысын білдірді. Павел Еремеевич те меймандарға ризашылығын білдіріп, Жеңістің арқасында біздің еліміз бейбіт өмір сүріп жатқанын атап өтіп, жастарды өз елін сүюге, тарихты ұмытпауға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/990533?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version