“Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі” байқауынан – жүлделі жеңіс!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ауданымыздан қатысқан Асима Мирбулатовна «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» облыстық байқауына қатысып жүлдемен оралды
Бұл байқау – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда заманауи әдістерді енгізіп, озық педагогикалық тәжірибені таратуға бағытталған маңызды алаң.
Аталған байқауда Шыңғырлау ауданының «Болашақ» бөбекжайының тәрбиешісі
Аманбаева Асима Мирболатовна облыс бойынша жүзден жүйрік шығып, І орын иеленді!
Асима Мирболатовнаның кәсіби шеберлігі, креативті көзқарасы, баламен тіл табысу қабілеті мен жаңашыл әдістемелік тәсілдері әділ қазылар тарапынан жоғары бағаланды. Бұл — педагогтың үздіксіз ізденісі мен еңбегінің жарқын жемісі.
Құрметті Асима Мирболатовна, Сізді шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт пен биік белестер тілейміз! Сіздің жетістігіңіз — ауданымыздың абыройы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/989796?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version