«NEW GENERATION» облыстық IT фестивалі
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдайлар жасау, олардың цифрлық технологиялар саласындағы құзыреттерін дамыту, дарынды жастарды ғылымға тарту мақсатында білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Фестивальдің міндеттері:
- Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық, ғылыми-техникалық шығармашылыққа оқушыларды тарту;
- Оқушыларды ерте кәсіби бағдарлау үдерісіне тарту;
- Балалардың ақпараттық технологияларды меңгеруге, оларды іс жүзінде қолдану дағдыларын игеруге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласындағы озық педагогикалық тәжірибені тарату.
Қатысушылар санаты – Жалпы білім беретін мектептердің, оның ішінде арнайы (түзету) мектептерінің оқушылары (студенттері), ТжКБ ұйымдарының, жоғары оқу орындарының студенттері, барлық түрдегі және типтегі білім беру ұйымдарының педагогтері.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 5 мамырға дейін.
Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 16 мамыр, сағат 12:00.
Өткізілетін орны: Өскемен қаласы, «Ертіс концерт» КМҚК, Протозанов к-сі, 43.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/990549?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау