«Парыз – 2025»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Парыз -2025»

«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ  2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Байқау өңірлік және республикалық екі кезеңнен тұрады. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 4 аталым «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» бойынша өзара үздікті анықтайды. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады.

Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер өз материалдарын қағаз түрінде және электронды форматта жергілікті атқарушы органға жолдайды.

Өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, ауданның  барлық кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуды сұраймыз.

Байқауға қатысты өзге ақпаратты білу үшін  «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әгеуметтік бөлімі» КММ жүгіне алады. Байланыс телефоны:  87153821684.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-ozsp/press/news/details/989793?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version