Петропавл қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, онда Солтүстік Қазақстан облысының басшылығы басқа да азаматтармен бірге бірқатар полиция қызметкерлерінің де еңбегін атап өтті.
СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов марапатталған облыстық полиция бөлімшелерінің офицерлері мен сержанттарының жоғары кәсібилігі мен қажырлы еңбегін атап өтті.
Мерекені облыстық полиция ведомствосының мәдени орталығының әртістері дайындаған әндер әрлей түсті. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін және арнайы құралдарды тиімді қолдануды көрсеткен СҚО ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлері көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары басқа шұғыл қызметтермен бірге өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/991218?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау