Пресс-релиз Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының “Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Пресноредут ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы”шешімінің жобасына

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабы, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, “құқықтық актілер туралы”Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, Орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлерін негізге ала отырып есептелді, 2022-2023 жылдардағы салықтардың есептелген және төленген сомалары, 2024 жылғы бағалау ескерілді.

2025 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне түсімдердің болжамды көлемі 11 128 мың теңге, 2026 жылға — 11 506 мың теңге, 2027 жылға — 11 897 мың теңге сомасында айқындалды.

2025 жылға ауылдық округ бюджетінен 26 309 мың теңге, 2026 жылы — 26 851 мың теңге, 2027 жылы — 27 661 мың теңге сомасында субвенция түсуі жоспарлануда.

2025 жылға арналған трансферттерді ескере отырып, ауылдық округ бюджетінің жалпы көлемі 199 243 мың теңгені, 2026 жылға —38 357 мың теңгені, 2027 жылға-39 558 мың теңгені құрайды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы “Электрондық үкімет” порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған. 

Әкім Пресноредут ауылдық округі СҚО Жамбыл ауданы Кайыров Б. А. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-presnoredut/press/news/details/990862?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version