Қаражал қаласында «Қызғалдақ көктем – 2025» қалалық фестивалі басталды. Фестивальге қала мекемелерінен, кәсіпорындардан және кәсіпкерлерден құралған 6 команда қатысуда. Қызғалдақ көктем – 2025» фестивалінің I кезеңі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Осы айтулы дата қарсаңында Ұлы Жеңіске арналған әндер, соғыс жылдарындағы әндер мен патриоттық әндерді дәріптеу — тарихи жадымызды жаңғыртуда, жас ұрпаққа рухани тәрбие беруде аса маңызды. Бұл әндер — Отанға деген сүйіспеншілікті, ерлік пен елжандықты ұрпақ санасына сіңірудің қуатты құралы. Олар ұлттық тарихи санасын қалыптастырады, бірлікті нығайтады. Ән арқылы өткеннің ерлік жолы бүгінгі буынға жеткізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-ishki-sayasat/press/news/details/990014?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау