Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусының атынан сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке батыр ата-бабаларымыз қалаған және бүгінгі ұрпақ лайықты түрде жалғастырып келе жатқан Отанға қызмет етудің даңқты дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейді. Қазіргі заманғы жауынгерлер өздерінің қасиетті борышын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауапты миссиясын абыроймен орындай отырып, батылдық, ерлік және антқа адалдық эстафетасын алып жүреді.
Жоғары жауапкершілікпен, жанқиярлықпен және Отанды, оның азаматтары мен ұлттық мүдделерін қорғауға, тіпті өз өмірін қиюға дайын болуымен байланысты, әскери мамандық дәстүрлі түрде ең құрметті және қастерлі мамандықтардың бірі болып саналады. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен мемлекет елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға және әскери қызметшілерді жан-жақты қолдауға басымдық береді.
Осы айтулы күні өңіріміздің тұрғындарын құттықтай отыра еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша өз борышын абыроймен атқаратындардың барлығына алғысымды білдіремін. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бейбітшілік, келісім, амандық және Отанымыз — Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа табыстар тілеймін!
Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/990669?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау