Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Гродекова ауылында болып, Ұлы Отан Соғысының ардагері Кенже аға Карибаевтің жұбайы 87 жастағы Оспанова Рабиға апаны Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.– Жеңіс сағатын жақындатып, Отан үшін майданға аттанған ел оғландарын келешек ұрпақ ешқашан ұмытпайды. Бүгінгі бейбіт өміріміз үшін біздер мәңгі қарыздармыз. Сұрапыл соғысқа аттанып, жеңспен оралған Кенже ағамыздың басы-қасында өзіңіз болып, қолдауыңызды көрсеттіңіз. Сондықтан бұл мереке сізге де тиесілі, – деген Ерлан Қыдыралыұлы әженің иығына орамал жауып, гүл шоқтарын ұсынды.Өз кезегінде Рабиға Оспанова елеп-ескере келген аудан басшыларына алғысын білдірді.Ардагердің ізін 3 ұл, 3 қызы жалғастыруда. (Карибаев Кенже 1922 жылы Өзбекстан Республикасы Канимех ауылында дүниеге келген, Канимех аудандық әскери комиссариатының жіберілуімен Ұлы Отан соғысына қатысып, иүрлі деңгейдегі медальдармен марапатталған. 2005 жылы дүниеден өтті)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/990082?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау