Қызылорда қаласының сол жағалауында аймақ тарихындағы ең ауқымды спорттық нысандардың бірі салынуда. Құны 20,9 миллиард теңгені құрайтын бұл жоба жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып отыр. Жаңа стадионның сыйымдылығы 11 000 орынға шақталған. Бұл ірі бастама Қызылорда үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды спорттық инфрақұрылым.
Стадионда тек футбол алаңы ғана емес, спорттың бірнеше түріне арналған арнайы залдар қарастырылған. Нақтырақ айтқанда бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика, таеквондо және фитнес залдары бар. Осы залдарда біздің болашақ чемпиондарымыз жаттығып, шынығып, өз өнерлерін шыңдап, халықаралық ареналарда Қазақстанның атын паш ететінін болады.
Жобаның бас мердігері – «ВД Строй Инжиниринг» ЖШС, бас жобалаушы – «ЖОБА» ЖШС, техникалық қадағалаушысы – «Строй-Проф» ЖШС. Құрылыс 2025 жылы ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр.
Қызылордалықтар бұл нысанды көптен күтіп жүр. Себебі мұндай ауқымды спорттық кешен тек кәсіби спортшыларға емес, сонымен қатар қала тұрғындарына, жастарға, балаларға да арналады. Қала тұрғындары енді заманауи талаптарға сай стадионда спортпен айналысып, түрлі жарыстарға қатысып, өз уақыттарын тиімді өткізе алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/991083?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау