САЛАУАТТЫ ӨМІР – САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай орай «САЛАУАТТЫ ӨМІР – САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ» атты ұранымен аудан жастары арасында «Бірлік жарысы» өтті.

Шара барысында Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы – Жантелиев Жасұлан Жұмаханұлы, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры – Жұманазаров Нұрбек Рысбекұлы сөз сөйлеп, аудан жастарына сәттілік тіледі.
Марафонға қатысушылары №44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясынан бастап аудандық мәдениет үйінің алдына дейінгі аралықты жүгіріп өтті. Бұл бастама спорт пен салауатты өмір салтын дәріптеумен қатар, қоғамдағы достық пен ынтымақтың маңызын айшықтай түсті.

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов марафон жеңімпаздарын арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Бірлік жарысының нәтижесінде Ұлдар арасында:
І ОРЫН – Шаиев Рамазан;
ІІ ОРЫН – Турмурат Диас;
ІІІ ОРЫН – Тәжібаев Муфазар.

Бірлік жарысының нәтижесінде Қыздар арасында:
І ОРЫН – Дубровина Милана;
ІІ ОРЫН – Кязим Севинч;
ІІІ ОРЫН – Кулакова Анастасия.

Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/991527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version