Сарқан ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы тыл еңбеккерлерін құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ардагерлерге «1945–2025» мерекелік төсбелгісін салтанатты түрде табыстады.
– Сіздердің сол бір ауыр кезеңдегі маңдай тер мен қажырлы еңбектеріңіз ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Бүгінгі бейбіт өмір, өсіп келе жатқан ұрпақ – соның жемісі. Сіздерге деген ел алғысы ешқашан толастамайды, – деді аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде.
Салтанатты рәсім соңында мерекелік көңіл-күйді арттырған рухты ән мен би қойылымдары кештің сәнін келтірді.
Айта кету керек, аудан бойынша жалпы 154 тыл ардагері мерекелік төсбелгімен наградталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/989993?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау