САРЫАҒАШ: ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың Жылға ауылдық округіне арнайы іссапары барысында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Уалихан Рахиев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлымен Шеңгелді елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Мердігер мекеме өкілімен кездесіп, жұмысты жоспар бойынша мерзімінде әрі сапалы аяқтауды, ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Қарақұловқа жұмыс барысын баяндауды, жіті бақылауды тапсырды.

Бүгінде Шеңгелді елді мекенінің жерасты су қорын іздеу және барлау жұмыстары жүргізіліп, су ұңғымасын қазу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 50 дана су құдықшалары орнатылып, 5100 метр ұзындықта ауыз су құбырлары тарту жұмыстары атқарылуда.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/989886?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version