САРЫАҒАШ: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА АМАНАТ !

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат » атты салтанатты  шара  №5  Кеңес Одағының батыры  Сыдық  Ысмайылов атындағы  мектепте  ұйымдастырылды.  Мерекелік шараға  Сарыағаш ауданының   әкімі Арман Абдуллаев ,ауданның ардагер ұстаздары, ардақты ақсақалдар, зиялы қауым мен ата-аналар қатысты.

 

Салтанатты шара барысында Кеңес Одағының батыры Сыдық Ысмайыловты еске алып, рухына құран бағышталды. Батырдың құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланып, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Мерекелік  жиын мектеп ұжымы дайындаған  концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/990979?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version