Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ошақтарының жай-күйін бақылап, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті.
Алдымен аудан басшысы Сарыағаш қаласына қарасты Телемұнара шағын ауданында салынып жатқан 900 орындық мектеп ғимаратының құрылыс алаңында болып, мердігер мекеме өкіліне бірқатар ескертулер атап өтті. Бүгінде, мектеп ғимаратына ішкі әрлеу, еденге кафель төсеу, ішкі есіктерді орнату жұмыстары жүргізілуде.
Келесі кезекте, Б.Оспанов көшесі бойындағы 300 орындық білім беру ордасының құрылыс жұмыстарын бақылады. Қазіргі таңда, нысанның ішкі әрлеу, ішкі өрт жәшіктерін орнату,сонымен қатар шатырға жұқа бетон құю жұмыстары атқарылуда.
Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарының барысын жіті қарап, жұмыс сапасына ерекше назар аударды. Мердігер мекеме өкілдеріне жұмыс қарқынын күшейтуді, құрылысты сапалы әрі мерзімінде аяқтау тапсырды. Оған қоса, болашақ оқушылар мен ұстаздар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру қажеттігін қатаң ескертті.
Сонымен қатар, аудан басшысы Сарыағаш қаласында салынып жатқан оңалту орталығының құрылыс жұмыстарын бақылап, мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды белгіленген кестеге сай әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Қазіргі таңда, үш қабатты оңалту орталығының ғимаратына ішкі әрлеу, жедел сату орнату,сыртқы абттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/988604?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау