САРЫАҒАШ:КЕЗЕКТІ ШТАБ ОТЫРЫСЫНДА  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоспарлы 1,0 млн. астам аймақтың бүгінге зерттелгені 814,8 мың га. Оның ішінде Марокко шегірткесінің экономикалық зиянды шегінен асқаны 354,2 мың гектарда анықталды. Соңғы мәліметке сәйкес, 359, 9 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті.

Келес ауданында облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кезекті штаб отырысында атқарылған жұмыстың есебі мен өзекті мәселелер сараланды. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудандық штаб мүшелерімен бірге атқарылған жұмыстар бойынша баяндады.

Бақылаушылардың мәлімдеуінше, тексерудің нәтижесінде Арыс қаласының аумағында 1000 га, Сарыағаш ауданында 1000 га алқапты газогенератормен дәрілеу ұсынылды. Ауданаралық шекарада, яғни 37-секторда 4-техника жолдың бойын өңдеп, шегірткелердің көшуіне тосқауыл жасауда. 16-17 секторларға кезекші техника қою қажеттігі айтылды. 11-секторда жұмыс жоспарға сай жалғасуда. 5-секторда 1760 га. ұшақпен өңделді. 13-секторға су тасымалына қосымша арнайы көлік қосу сұралды. 21-секторда газогенератормен 1 500 га. өңделіп, аяқталды. Қазіргі таңда шегірткенің 4 жас кезеңіне өткен алқаптарда “Ацет 200” химиялық препараты қолданылуда.

Нұрбол Тұрашбеков препараттың әсер етуін қадағалауды ескертіп, қажеттілігіне қарай мөлшерін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, жауаптыларға барлық секторға кезекші техника ұйымдастыруды жүктеді.

— Түнгі ауысымда дәрілеу ұсынысын толық қолдаймын. Зиянкесте миграция кезеңі жүріп жатыр. Сондықтан, уақытты барынша тиімді пайдалануымыз керек. Жұмыс басында жүрген азаматтардың қажеттіліктерін (су, химиялық препарат) қамтамасыз ету қатаң бақылауда болуы тиіс, – деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/988966?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version