Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарға арналған бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.
🔷Бозарық шағынауданында 150 орынға лайықталған оңалту орталығының құрылысы басталды. Жоба құны – 5,4 миллиард теңге. Бұл нысан келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
🔷Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан азаматтарға арналған №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағынан қосымша 50 орындық ғимарат салынуда. Құрылысқа 1 млрд 945 млн теңге бөлініп, нысан жыл соңына дейін дайын болмақ.
🔷№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылуда.
🔷№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 1,3 миллиард теңгеге бағаланған жұмыстар тамыз айында аяқталуы тиіс.
🔷Ауқымды жобалар мұнымен шектелмейді. Биыл 3 пен 18 жас аралығындағы психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 150 орындық жаңа орталық ашу көзделіп отыр.
🔷18-ден 35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған 50 орындық арнайы мекеме де сол жылы ашылады. Екі нысанның да құрылыс жұмыстары биылғы мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Бұл бастамалар мүгедектігі бар жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болары сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/990566?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау