Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, өңірдегі спорт ұйымдары мен Спорт ардагерлері кеңесі бірлесіп, өңіріміздің спорт ардагерлерін салтанатты түрде құттықтады.
Бұл іс-шара — тек құрмет көрсетудің емес, сонымен қатар спортқа өмірін арнаған тұлғалардың қоғамдағы орны мен үлесін танудың айқын көрінісі. Облыс спортының дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер өздерінің қажырлы еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және спортқа деген шексіз адалдығымен Абай облысының спорт мәдениетін қалыптастырудың берік негізін қалады.
Ардагерлердің жолы – бүгінгі ұрпаққа үлгі, ал олардың жетістіктері — жеңіске жетелейтін шынайы ынталандыру. Осы бастама арқылы өңір спортының өткені мен бүгіні арасындағы алтын көпір нығая түсті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/989040?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау