Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 7 мамыр – Отан қорғаушы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты.
Баласағұн ОКЗ-де өткен шараға құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдардың өкілдері, өңір тұрғындары қатысты.
Облыс әкімі көпшілікті Отан қорғаушы күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.
– Отан қорғаушы күні – мемлекетіміздің қуаты мен берік тірегін айқындайтын, ел тыныштығы жолында өмірін сарп еткен жандардың ерлігін ұлықтайтын айрықша мереке. Бұл – әскери қызметті абыроймен атқарып жүрген ер азаматтардың қажырлы еңбегіне деген ел құрметінің жарқын көрінісі.Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің әскери әлеуеті жыл санап нығайып, Қазақстан армиясы заман талабына сай жаңғырып келеді.Бүгінде Қарулы Күштеріміз – ел қауіпсіздігі мен тұтастығының сенімді қалқаны. Әскеріміз шекара шебін берік күзетіп қана қоймай, халықаралық аренада да бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ісіне белсене атсалысуда. Ел тыныштығын күзетіп, халық амандығын кірпік қақпай қорғап жүрген қайсар ерлерімізге құрмет пен тағзым – әрбіріміздің азаматтық парызымыз, – деді өңір басшысы.
Ербол Қарашөкеев қызметтік міндеттерін үлгілі орындап, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен бірқатар азаматқа «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін, Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады
Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/991492?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау