Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Бейбіт күн жасасын», «Ер есімі – ел есінде» атты облыстық қашықтықтан сурет салу байқауының қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылдың 24-25 сәуірі күндері Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес әскері мен кеңес халқының ерлігі мен батырлығы туралы тарихи жадыны сақтау мақсатында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс мәңгі жүрегімізде» атты облыстық қашықтықтан сурет салу байқауын өткізді.

Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 100-ге жуық 5-10 сынып оқушылары қатысты.

Байқаудың жүлдегерлеріне дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Жеңімпаздар тізімі shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/989973?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version