Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет, сектор меңгерушісі Нурлан Бектибаев және бас маман Дана Сабырбай «Ардагерім – ардағым» жобасы аясында ауданымыздың тыл ардагері Жанұзақ Оспан Тәуекелұлы атамызға арнайы барып, құрмет көрсетті.
Оспан атамыздың Отан үшін жасаған ерен еңбегі – өскелең ұрпаққа үлгі. Бөлім басшысы тарапынан жылы лебіздер айтылып, алғыс білдіріліп, гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды. Бұл шара – ерлік иелеріне деген алғыс пен құрметтің белгісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/991525?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау