Ағымдағы жылдың 6 мамырында мәслихаттың XXXV кезектен тыс сессиясы Аршалы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы, Аршалы ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Аршалы ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару шартын келісу туралы мәселедерді қараумен өткізілді. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар, аудан мәслихатының экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізіліп, Сараба ауылдық округінің әкімі А.С. Мұхаметрахимовтың 2024 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-arshali/press/news/details/990499?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау