Зеленое ауылында прокуратура, полиция бөлімі, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен көше-жол желісінің жай-күйіне бірлескен тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде жол жамылғысының жай-күйіне және көше инфрақұрылымының элементтеріне қатысты жекелеген бұзушылықтар анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама берді.
Жергілікті атқарушы орган нұсқамалардың орындалуын қамтамасыз ету және көше-жол желісін жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-astrahan/press/news/details/990796?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау