«Жайық-Антитеррор-2025» жеке жаттығу өткізгені туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласы «Зенит» саяжайы қоғамы аумағында жоспарлы түрде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының ұйымдастыруымен оқу жаттығулар өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – Орал қаласының аумағында құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Облыстық жедел штабымен жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру, кепілге алынғандарды босату және келіссөздер жүргізу бойынша жедел әрекет ету дағдыларын шыңдады.

ҰҚК, Полиция департаменті және ә/б 5517 қызметтінің жеке құрамы әртүрлі жағымсыз сценарийлер бойынша лаңкестік әрекеттерге жауап беруде практикалық тәжірибе мен дағдыларды жинады.

Терроризмге қарсы жеке жаттығудың мақсаттары мен міндеттеріне толық көлемде қол жеткізілді және пысықталды.

 

Материал БҚО бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/990280?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version