«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Балалар мен жастар шығармашылық сарайы» әскери патриоттық тәрбие бөлімінің мамандары Бекен Мұхамедрахимұлы Үкібасов мен Нұржан Екпінұлы, Абай облысы «Іздестіру жасағы «Ерлік -Даңқ» отряд жауынгері Еркін Есімханұлы Оразғалиев, Республикалық, халықаралық мүшәйралардың жеңімпазы ақын Азамат Серікұлы және «Абай облысы білім басқармасының» дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ-сі тәрбиеленушілерінің қатысуымен Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына арналған «Жеңіске жеткізген жерлестер» атты портрет кеші өтті.
Шара басында кітапхана қызметкері биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтетінімізді және бұл мерекенің әрбір азаматтың жүрегіне жақын әрі қымбат екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, бұл мерейтой ерлікке тағзым етудің, жас ұрпаққа батырлық пен елжандылықтың мәнін түсіндірудің маңызды кезеңі екендігі, бүгінгі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманды сыйға тартқан ардагер аға-апаларымызға алғысымызды білдіріп, сонымен қатар халқымыздың өлмес ерлігін, майдандағы, тылдағы жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің даңқын, Жеңіс үшін барын берген жауынгерлердің ерлігін, қайсарлығын жырлайтынымыз айтылды.
Іс-шара қатысушылары Ұлы Отан соғысында қаза болған батырларымызды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Кеш жалғасында Б.М. Үкібасов миллиондаған отандастарымыздың жауды жеңуге қосқан жауынгерлік және еңбек үлесі туралы айтып, қазақстандықтардың ерліктері Ұлы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттер ретінде жазылғанын айтты.
Сөз кезегін алған Е.Е. Оразғалиев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – Отан қорғаушыларының ұрпақтарын біріктіретін маңызды дата екенін атап өтіп, «Ерлік-Даңқ» іздеу жасағының Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің есімдері мен тарихи жадын қайта қалпына келтіру жөніндегі жұмысы туралы баяндады.
Әрі қарай, Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы ақпарат беріліп, батырларды жадымызда сақтау үшін, рухы мен ұмытылмас ерлігі туралы слайд-тұсаукесер көрсетілді.
Портрет кеші музыкалық нөмірлермен жалғасып, Н. Екпінұлының орындауында «Егемен Қазақстан» әні, «Жас Ұлан» мектеп-лицейінің тәрбиеленушілерінің патриоттық әндері шырқалып, ақын Серікұлы Азамат «Жеңіс туы» атты арнау өлеңін оқыды.
Кітапхана қызметкері шара соңында қонақтарға қызықты әңгімесі үшін алғысын білдіріп, өскелең ұрпақты соғыс ардагерлерін құрметтеуге, олардың тарихын ұмытпауға шақырды.
В заключение мероприятия сотрудник библиотеки поблагодарила приглашенных гостей за интересный рассказ, призвала молодое поколение оказывать почет и уважение ветеранам войны и не забывать свою историю.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/990859?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау