Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері,
тыл еңбеккерлері!
Қадірменді қызылордалықтар!
Қызылорда қалалық мәслихаты атынан Сіздерді 9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесімен құттықтаймын!
Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс күні аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған қастерлі мереке.
Оқ пен оттың ортасынан аман келген азаматтарымыздың қатары жылдан-жылға азайып барады. Ұлы Жеңіске жеткізген ата-бабаларымыздың, апаларымыздың қан майдандағы өшпес ерліктері мен тылдағы ерен еңбектері ешқашан ұмытылмайды.
Ұлы Жеңіс жолында қаза болған майдангерлер рухына тағзым ете отырып, барша қызылордалықтардың отбасына бақ-береке, бейбіт заман тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен,
Қызылорда қалалық мәслихатының
төрағасы
Ибадулла Құттықожаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/991612?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау