«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ПОЙЫЗЫ ШЫМКЕНТКЕ АЯЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жібек жолы» халықаралық туристік пойызының жолаушылары Шымкент қаласына осымен екінші рет табан тіреді.

Саяхат барысында туристер Шымкент цитаделін аралап, археологиялық жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар сәулетімен ерекшеленетін Сейітжан қари Есжанұлы мешітіне экскурсия ұйымдастырылды.

Меймандар ұлттық ас мәзірінен дәм татып, «Жеті тандыр» мейрамханасындағы қазақ қонақжайлылығының ерекше үлгісіне тәнті болды.

Бұл сапар – мегаполистің әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/991635?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version