Қайтарымсыз грант әлеуметтік топтардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруға қаралған.
Business.enbek.kz порталында 2025 жылғы 21 мамырдан бастап бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады.
Гранттар қайтарымсыз негізде – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.
Гранттың мөлшері 400 АЕК-ті (1 572 800 тенге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Өтінім беру үшін алдымен порталға тіркеліп, грант алу шарттарына сәйкестігінен тексеруден өтеді. Мұнан кейін бизнес-жоба үлгісін жүктеп, оны толтырып, порталға енгізеді. Өтініш нысынын толтырып, ЭЦК кілтімен қол қойылады.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.
Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.
Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға грант алуға үміткер бола алады: Тіркелген жұмыссыз, жеке кәсіпкер болып тіркеу мерзімі 3 жылдан аспауы керек.
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болуы тиіс:
🔷еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар;
🔷қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
🔷өңіраралық қоныс аударушылар
🔷Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы;
🔷көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
🔷мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
🔷асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығандығы туралы 3 жылдан аспайтын мерзімде берілген сертификаты болуы тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/993231?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау