7 мамыр – Қазақстан Республикасында Отан қорғаушылар күні атап өтілді – бұл ерлік, батырлық және ар-намыстың мерекесі. Осы айтулы күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаменті ардагерлерді, тыл еңбеккерлерін, әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және еліміздің бейбітшілігі, қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қорғап жүрген барлық азаматтарды құттықтайды.
Мереке аясында салтанатты іс-шара өтті, онда қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан жеке үлестері үшін қызметкерлер грамоталар, алғыс хаттар және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Бұл күн Отанға адалдықты, өзін-өзі құрбан етуге дайындықты және рухтың күшін білдіреді. Біз мемлекетке қызмет ету ісінде жауапкершілік, табандылық және адалдық танытып жүрген әріптестерімізбен мақтанамыз.
Арнайы алғысымызды өмірін қызметке арнаған ардагерлерге білдіреміз. Сіздердің өмір жолдарыңыз жас ұрпаққа үлгі болып табылады.
Барша Отан қорғаушыларға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы кәсіби қызметтерінде табыс тілейміз!
Заң_мен_Тәртіп
ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/992283?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау