7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Алға қаласында ағаш отырғызу акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Отан қорғаушылар күніне орай Алға қаласындағы шағын скверде патриоттық рухты көтеруге бағытталған игі шара – ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім мен полиция бөлімінің қызметкерлері, белсенді жастар және әскерге шақырылушылар қатысты.

Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны көркейту мақсатында өткен акция аясында 40 дана шырша көшеті отырғызылды. Бұл – жас буынды елге, жерге деген сүйіспеншілікке баулудың жарқын үлгісі болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырумен қатар, Отан алдындағы азаматтық борышты сезінуге де ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/993020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version