7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мини-футболдан турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері арасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған достық мини-футбол турнирі өтті.

    Іс-шара ұжымдағы бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және патриоттық рухты көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Турнирге департамент басқармаларынан құралған командалар қатысып, шеберлік пен командалық рух танытты.

    Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен үздік ойыншылар анықталып, кубок, медаль және алғыс хаттармен марапатталды.

    Бұл спорттық іс-шара ұжымның ауызбіршілігін арттыруға, мерекелік көңіл-күй сыйлауға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/992401?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version