9 мамыр күні қаламызда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында қатысушылар Жеңіс ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Жиналғандар бір минут үнсіздікпен батырларды еске алды. Қала әкімі, құрметті қонақтар мен ардагерлер құттықтау сөз сөйлеп, Жеңісті жақындатуға үлес қосқан жандарға алғыс білдірді. Салтанатты жиын барысында бейбітшілік пен ел бірлігінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/993094?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау