9 мамыр – Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштің ашылу салтанаты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бастаушы ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Жеңіс шежресі – Мәңгілік даңқ” атты мерекелік іс-шара өтті. Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарға ізгі ниетін білдірді. Концерт барысында тыл ардагерлер мен Таулы Карабах соғысының ардагерлері құрметке ие болып, арнайы марапатталды. Сондай-ақ тыл ардагерлері Қартай Құдайбергенов пен аудан прокуроры Айдос Болатұлы жиналғандарды Жеңіс күнімен құттықтады. Іс-шарада аудандық мәслихат төрағасы Гүлнар Шаймарданова болды. ҰОС ардагерлерінің құрметіне орнатылған ескерткіштің салтанатты түрде ашылды. Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерекелік концерт Бастаушы ауылының өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының ән-биімен жалғасты. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/992952?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version