9-Мамыр – Жеңіс күнімен құттықтау!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қонаев қаласының мәслихаты баршаңызды қасиетті де қастерлі мереке – 9 Мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды!
 
Бұл күн – халқымыздың ерен ерлігі мен табандылығының, тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегінің және ел бірлігінің жарқын көрінісі. Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін жалмап, мыңдаған тағдырды өзгертті. Бірақ халқымыз қандай қиын-қыстау кезеңде де шыдамдылық танытып, бейбіт күн үшін күресті.
 
Жеңіс үшін жанын пида еткен майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олар біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Сол бір сұрапыл жылдардың ауыртпалығына төтеп берген аға буынның алдында басымызды иеміз.
 
Бүгінгі ұрпақ – сол ерліктің мұрагері. Біз бейбіт өмірді қадірлеп, ұлттар достығы мен ынтымағын сақтау – басты борышымыз деп білеміз.
 
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілейміз. Жеңіс рухы сіздерге әрдайым күш-жігер мен сенім сыйласын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/992408?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version