Абай облысында антикор еріктілер жолаушылар тасымалының сапасына мониторинг жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы және «Заң мен Тәртіп» идеологиялық нарративі аясында еріктілер теміржол жолаушылар тасымалы саласында кезекті мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында өңірдің әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыттарына ерекше назар аударылды, себебі бұл маршруттар шалғай ауыл тұрғындарының көлікпен қатынауын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ антикор еріктілер тарапынан жолаушылар пойызы қызметкерлерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары санитарлық талаптарды сақтау, жолаушылармен  сыпайы қарым-қатынас орнату, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету және жол қауіпсіздігі мәселелерін қамтыды.

Мониторинг барысында еріктілер тарапынан қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдарды жауапты тұлғаларға жеткізілді.

Аталған мониторинг — халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы мен ашықтығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

«Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы — азаматтық қоғам өкілдерін қоғамдық бақылау процесіне кеңінен тартуды, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне тікелей әсер ететін салалардағы жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды көздейді.

Мұндай форматтағы мониторинг жұмыстары алдағы уақытта басқа салаларда жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-abai/press/news/details/992166?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version