Афинада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына орай гүл шоқтары қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Афина, 2025 жылғы 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Афина қаласындағы Кеңес жауынгері ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин, Елшіліктің дипломаттары мен қызметкерлері, сондай-ақ қазақстандық диаспора өкілдері қатысты.

Рәсімде фашизмге қарсы күреске елеулі үлес қосқан миллиондаған қазақстандықтардың рухына тағзым етілді. Сол кезеңдегі Қазақстанның алты миллион тұрғынының әрбір бесіншісі майданға аттанып, 700 мыңнан астам адам қорғаныс кәсіпорындарында еңбек етті. Республика аумағында 12 атқыштар және 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, сондай-ақ шамамен 50 жеке полк пен батальон құрылды.

Өз сөзінде Елші Тимур Сұлтанғожин қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан зор үлесін атап өтіп: «Ата-бабаларымыздың ерлігін еске алу – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз», – деді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/992667?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version