Бүгін, 11 мамырда Қазақстанда Аналар күні мерекесі тойланады. Бұл болашақ ғалымдар мен майталмандарды тәрбиелеп отырған аналарға алғыс айтудың тағы бір себебі. Астаналық жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева шәкірттері үшін жай ғана тәлімгер емес, оларды жетістікке жету жолында қолынан келгенін үйретіп жүрген бапкер-ана, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Меруертті гимнастикаға 6 жасында әкесі алып барған.
«Мені гимнастикаға 6 жасымда әкелді. Әкем себеп болды. Бұл спортқа қатты ғашық болдым. Осыған дейін ветеринар боламын деп ойлайтынмын, себебі жан-жануарларды қатты жақсы көремін. Бірақ сол кезден бастап гимнаст болғым келетінін түсіндім. Гимнаст болғандықтан, тынбай жаттықтым, бапкеріме де қолғабыс еттім, себебі балаларға қалай көмектесетінімді білемін. Кішкентай балаларға үйренгенімді үйреткім келді», – дейді Меруерт.
Мектеп бітірісімен ол Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алды. Ол жаттығып, тұрақты түрде турнирлерге қатысып жүрді. Үшінші курс студенті кезінде-ақ балаларды жаттықтыруды бастады. Оның бапкерлік тәжірибесі – 22 жыл.
«Мен спортзалға алғаш рет спортшы ретінде емес, тәлімгер ретінде келгенімде небәрі 19 жаста едім. Спортшы болған кезімде, әрине, спортшы болу қиынырақ көрінетін. Бірақ көп жылғы жаттықтырушы болғанымнан ойымның қате екенін білдім. Егер спортшы болсаңыз, демек сізде белгілі бір мінез бар. Ең бастысы, жаттықтырушы болсаңыз, тәртіпті сақтауға тырысасыз. Бапкерлік жолда барлық проблеманы шешесіз, себебі түрлі қателіктермен бетпе-бет келесіз. Ал ондайда ең бастысы тәртіп болуы керек», – деп қосты ол.
Жаттығуға келген 5 жасар бүлдіршіндер үшін Меруерт оларға екінші ана атанды. Олар уақытының көп бөлігін жаттықтырушысымен бірге өткізеді, оған аналары сияқты сенеді және табысқа жету жолында ерекше шабыт береді.
«Мен оларды нөлден бастап жетектеп келемін, қазір қарамағымда 11 адам жаттығады, олардың барлығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының мүшелері. Оның ішінде 7 адам Қазақстан Республикасының тұрақты құрама командасына шақырылады. Мен 40-тан астам халықаралық спорт шеберін дайындадым. Мұндай нәтиже іс жүзінде болған емес деп ойлаймын. 13 жыл бойы шәкірттерім Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы және абсолютті чемпионы болды. 2014 жылы Қытайда өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында алты гимнастым көркем гимнастикадан ел тарихында қалды. 2025 жыл біз үшін өте жақсы басталды, гимнастарымның арасында Әлем кубогының екі бірдей қола жүлдегері бар», – дейді ол.
Қазір оның мектебінде 4 мыңнан астам бала жаттығады. Оның басты жаттықтырушылық ұстанымы – балаларға сөзбен емес, іспен үлгі болу.
Меруерт үйінде де, отбасында да бірдей. Күйеуі екеуі бір қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр.
«23 жасымда өмірімде тұңғыш рет ана атанып, жаңа статусты иелендім. Әрине, алдымда жаттықтырушы ретінде де, ана болу жолында да қалай үлгеруге болады деген сұрақ тұрды. Қолымнан келетінін білдім. Себебі, спорт бәрін үйретті. Жұмыс істеп, өзімді дамытуды тоқтатқан жоқпын. Ал үйімде күйеуім мен балаларым қолдау көрсетіп тұрады.
Қызымның менің жолымды жалғауы ерекше әсерлендірді. Ол 5 жасында бірінші рет кілемге шықты. Қазір 17 жаста. Ол – спорт шебері атағына үміткер. Ол қазірдің өзінде бапкер және жаңа жұлдыздардың пайда болуына күш салып жүр.
Өзімді өмірде табысты болдым деп ойлаймын. Мен – анамын, мен – бапкермін, мен әйелмін. Мен мүмкіндіктің бәрін бірдей таңдадым. Жеңісті, балаларымның махаббатын сезінген, бәріне ұмтылуға тырысатын адаммын. Осыдан бары түйгенім, ана болу – тек тәрбие беру емес, мейіріміңді төгіп, жүрегіңді арнау», – дейді бапкер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/992913?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау