Ақмолалық ұстаздар «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отан қорғаушы күні қарсаңында еліміздің жас ұрпағын патриоттық рухта тәрбиелеп жүрген алғашқы әскери және технологиялық дайындық (АӘТД) пәні мұғалімдеріне ерекше құрмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев АӘТД пәнінен сабақ беретін 40 ұстазды ведомстволық марапаттармен марапаттады. Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров те қатысты.

Министр өз сөзінде ұстаздардың ел болашағы – жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі маңызды рөлін атап өтіп, олардың еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бірлесіп:

мектептердегі спорт секцияларын дамыту,

АӘТД кабинеттерін жаңа құралдармен жабдықтау,

әскери бөлімдерге танымдық экскурсиялар ұйымдастыру,

«Жас сарбаз» қозғалысын қолдау,

және осы пән бойынша педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

«Бүгінгі таңда еліміздің мектептерінде 5 мыңға жуық АӘТД пәнінің мұғалімі қызмет атқаруда. Бұл пән жас ұрпақты тәртіпке, жауапкершілікке және Отанға деген құрметке баулиды. Сіздер ерлік пен азаматтық борыштың мәнін түсіндіре отырып, елжанды, бейбітшілікті бағалай білетін өскелең ұрпақ тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келесіздер», – деді Ғани Бейсембаев.

Осы салтанатты күні Ақмола облысының екі үздік педагогы –
Нұрпейісов Қанат Сұлтанғалиевич (Бурабай ауданы, Оқжетпес ЖОББМ)
Яковлев Евгений Валерьевич (Ақкөл қаласы №1 жалпы білім беретін мектеп) «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Министр жиын соңында ұстаздарға адал еңбегі үшін алғыс айтып, педагог мәртебесін арттыру – министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/992253?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version