Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Мамыр 12, 2025
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Ақтөбеде генерал-лейтенант Жансен Кереевтің рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Жарияланды:

12/05/2025 07:02

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар
 

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, сондай-ақ әскери сала өкілдері мен ардагерлер, ақсақалдар кеңесінің және бірқатар қоғамдық бірлестік мүшелері, генералдың туыстары мен жастар қатысты.
Ақтөбе қаласындағы Жансен Кереев ескерткіші алаңына жиналғандарға кеңестік заманда әскери салада жоғары шенге дейін көтерілген белгілі жерлесіміздің өмір жолы баяндалды.
Темір ауданының Қайыңды ауылы Бабатай жерінде дүниеге келген Жансен Кереев есімі бүгінде ел жадында сақтаулы. Қазақтың тұңғыш генерал-лейтенанты атанған ол өз өмірін әскери қызметке арнап, талай белестерді бағындырды. Оның есімін ұлықтау мақсатында туған жерінде ескерткіш орнатылып, жастарға идеологиялық-патриоттық тәрбие беру жобасы іске асырылады.
Жансен Кереев мектепті бітірген соң әскери училищеге түсіп, білімін Фрунзе атындағы әскери академияда жалғастырды. Бұл оқу орнын алтын медальмен тәмамдап, өзінің білімі мен табандылығын дәлелдеді. Әскери қызметін Отан алдындағы борышын адал атқарудан бастаған ол Чита қаласы маңындағы Песчанка елді мекенінде взвод командирі болып еңбек жолын бастады. 1956 жылы Германиядағы Кеңес әскерлерінің құрамында танк бөлімінің мотоатқыштар ротасына взвод командирі болып тағайындалды.
Жансен Кереев лейтенант шенінен генерал-лейтенант дәрежесіне дейін көтеріліп, әскери қызметтің барлық сатысынан өтті. Оның қажырлы еңбегі, қайсарлығы мен кәсіби шеберлігі — өскелең ұрпаққа үлгі. Бұл мұра туған жеріндегі музейде сақталған оның жеке заттары арқылы да айқын көрінеді.
Іс-шарада Жолдас Батырхан жиналғандарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, қазақтың тұңғыш генерал-лейтенанты Жансен Кереевтің өмір жолы елге, жас буынға нағыз патриоттық тәрбиенің үлгісі екенін ерекше атап өтті.
-Бар-жоғы елу екі жыл ғана өмір сүріп, оның отыз үш жылын елден жырақта өткізген генерал жүрегінен ешуақытта қазақтың рухын шығармаған. Естеліктерден оқып, тыңдағанымызда, Жансен ағамыздың қолынан қазақтың қара домбырасы түспеген. Әскери гарнизондарда борышын өтеп жүрген жас сарбаздарды айналасына жинап, туған елге деген сағынышын әсем әнмен жеткізіп, олардың рухын көтеріп, үнемі қолдау көрсетіп отырған.
Жансен Кереевтің өмірі мен әскери қызмет жолы — жастарға үлгі боларлық өнеге, шабыт берерлік аңыз. Елінен жырақта жүрсе де, жүрегінде қазақ рухын алау еткен тұлғаның есімі ұрпақ жадында мәңгілікке сақталады,- деді Жолдас Батырхан.
Содан соң әскери сала ардагері Қажымұқан Сәтенов, даңқты тұлғаның туысы Аманкелді Жолановтар естелік әңгімелерімен бөлісті. Жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, естелікке суретке түсті.
Іс-шара Отан қорғаушылар күні аясында өткізіліп, ел қорғаны болған азаматтардың ерлігіне тағзым және жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/992097?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Ақтау қаласында газ-түтіннен қорғаушылар арасында 20-қабатқа көтерілу жарысы өтті
Next: Қайта өңдеушілерге 2025 жылға сиыр етін әкелуге тарифтік квота көлемін бөлуге қатысу үшін өтінімдер қабылдау→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version